Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ 2015 жылы атқарған жұмысы жайлы қортынды есебі туралы
АҚПАРАТ
«Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында мекеме қызметкерлерінің, аймақтық әкімшіліктің басқарма өкілдері, этномәдени бірлестік басшыларының алдында мекеме басшысы Р.Убайдуллаева 2015 жылы есепті мерзімде атқарған жұмысы жайлы баяндады. Ол өз сөзінде2014 жылдың қорытындысы бойынша жасаған баяндамада айтылған сын ескертпелер толығымен орындалғанын,этномәдени бірлестік басшыларына жұмыстарын жандандыру мақсатында кең көлемде әдістемелік көмек көрсетілгенін, атап айтқанда 6 семинар-тренинг, 20 аса жеке және топтамалық кеңестер берілгендігіне тоқталды. Ғылыми- сараптамалық қолдау бөлімінің терең әлеуметтік зерттеу негізінде, оны тұрақты өңделіп дәлелді қортындылармен ұсыныстар мемлекеттік органдарға орындау үшін жіберілді. «Бейбітшілік және жол картасы» мега жобасы шеңберінде аймақтық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары және шығармашылық топтары облыстың алыс аймақтарына шықты, елді мекен тұрғындарымен аймақта тұратын халықтардың жан-жақты мәдениетін көрсету мақсатында кездесулер ұйымдастырды, семинарлар өткізді, концерттік бағдарламаларын ұсынды. «Қоғамдық келісім» КММ өзінің жұмыс барысында тұрақты түрде мемлекеттік ұйымдармен, үкіметтік емес мекемелермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыста жұмыс атқарды.«Қоғамдық келісім» КММ негізінде облыстық аймақтық ассамблеясы жанынан бүгінгі таңда ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, шеберлер клубы, «Ақ желкен» жастар лигасы құрылған.2015 жылы олардың қатысуымен 120 дан аса қоғамдық мәні бар іс-шаралар өткізілді.Аймақтағы халықтық сәндік қолданбалы өнердің дамуына әдістемелік қолдау бөлімі үлкен көңіл бөлді.Тұрақты негізде «шеберлер мектебі» жұмыс істейді, оның құрамына 12 этномәдени бірлестіктерден 50 әр-түрлі шығармашылық бағыттағы қолөнершілер кіреді.Оқу бағдарламалары жасалған, халықтық қол өнер шеберлері үшін шеберлік сыныбы өткізіліп тұрады.Мақсаты этномәдени бірлестіктердің қол өнер дәстүрін көрмелер, жәрмеңкелер, және байқаулар арқылы дамыту болып табылады. «Ақ желкен» жастар лигасы мен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында жастармен жұмыс істеудің әр-түрлі әдістері қолданылады.Облыста тұратын халықтардың ұлттық мемлекеттік біртектілікті қалыптастыру және ұлттық мемлекеттік саясатты насихаттау жұмыстарын жүргізуде есепті мерзім аралығында ғылыми сараптама қолдау бөлімі мәні бар жоспарлы жұмыстар жүргізді. «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің ұйымдастырушылық жұмысы және әдістемелік көмегінің арқасында Жамбыл облысының әр-түрлі жастағы ұлт өкілдері «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған 14 Республикалық байқаулар , конурстер және жобаларға белсенді қатыса отырып, 12 жүлделі орындарды жеңіп алды. Есеп беруде талқылаулар белсенді және жемісті түрде өтті. «Днипро» этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Ф.Клименко өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ-нен тұрақты түрде іс-шаралар өткізуде әдістемелік және практикалық көмекті алатынын айтты.Аймақтық ассамблея және этномәдени бірлестік мүшелерінің елді мекендерге шығып үгіт жоспары негізінде өткізілетін іс-шаралары жоғарғы деңгейде өткенін атап өтіп, сөзінің соңында жаңадан соғылып жатқан Достық үйінен бірнеше этномәдени бірлестіктердің сұрауы бойынша жұмыс жүргізу үшін бөлмелер бөлуін және көркемөнер ұжымының дайындаған концерттік бағдарламалары сапалы шығу үшін, мекеменің штатына мамандандырылған концертмейстрдің болуын ұсынды.Облыс ассамблеясы жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы М.Миражапова өсіп келе жатқан ұрпақтарға жан-жақты қамқорлық керек екен жайлы ашық әнгімесінен кейін, жиналыс модераторы Л.Лысова осы ұйымның жұмысына этномәдени бірлестіктерде жастарды, оқушыларды,қыз балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика және халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиелеуді енгізуді сұрады. Аймақтық әкімшіліктің білім бөлімі басшысының орынбасары Д.Өскенбаева айтылған пікірлерге қолдау көрсете отырып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.Аймақтық ҚХА ның қоғамдық негіздегі төрайымы М.Тұрдыева мемлекеттік тілді оқып үйренуде арнайы топтар құруды,осы бағытта этномәдени бірлестік өкілдері жұмыстарын жандандыру керек екендігін және мекеме тарапынан тұрақты қолдау көрсетуін атап өтті.Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» этномәдени бірлестігінің төрағасы Д.Низен жастар мен балалардың бойындағы жоғарғы адамгершіліке қасиеттерді қалыптастыруда «Қоғамдық келісім» КММ бөлімдерінің тәжірибелерін пайдалана отырып бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиев қазақ хандығының 550-жылдығына, ҚХА мерекелік жылында ауқымды жұмыстар атқарғаны үшін мекеме ұжымына ризашылығын білдірді.Біздер бүгін мекеменің жыл қортындысы бойынша атқарылған есебі үшін жиналдық, алдағы бірігіп атқаратын жұмыстарды атқару үшін кеңесуді жөн көріп отырмын.Ол «Қоғамдық келісім» КММ басшысына 2015-жылда кадрлар жасақтаудың себебтеріне қортынды жасап, шара қолдануды тапсырды.Алдымызда «ҚХА ның 2025 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын» жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар тұрғанын оған белсенді қатысып, жаңа ойлар мен пікірлер керектігін айтты.Аймақтық ассамблеяның үгіт-ғылыми әдістемелік іс-қимылы жұмыс бағытын облыс орталығынан аудандарға бағыттау керектігін,этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг бөлімі өздерінің қызметінде екінші бөліміне көбірек көңіл аударуына тоқталды.Есеп беру жиналысының аяқталуына орай Р.Рахманбердиев «Қоғамдық келісім» КММ үздік қызметкерлеріне облыс ҚХА төрағасы, Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаевтың атынан Алғыс хаттар тапсырды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»КММ
Баспасөз қызметі