Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері арнайы гранттарға ие болды

Бүгін облыс басшысы Кәрім Көкрекбаев 2015 жылдың қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне гранттарды салтанатты түрде табыстады.

Жаңа жыл қарсаңында этномәдени бірлестіктердің жұмысын қорытындылау дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылында алға қойған міндеттер мен ұлттық жоспарды орындаудағы іс-шараларды іске асыруға белсенділік танытты.
-Баршаңызды Ұлы дала елінде Елбасымыздың Жолдауында тұрақты өркендеген «Мәңгілік Ел» құрудағы жаңа мақсаттарды іске асыру үшін ынтымақтаса жұмыс жасауға шақырамын, – деді өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі өз сөзінде халқымыздың тарихи мәселелерді біріге шешім қабылдап, ұйымдасып жеңіске жететіндігін, сондықтан жұмылған жұдырықтай ынтымақтаса әрекет жасаса, барлық жұмысты іске асыруға болатындығын жеткізді.
Жиын барысында 22 этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне грант табысталды.
Өңір басшысы баршаны келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, еңбекте сәттілік, бақыт тіледі

Әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысы

ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

 

img_2291_easyhdr-pro-2_compressed

2015 жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы әйелдер Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс- шараға облыс ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева, облыс ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер Әйелдер кеңесінің төрайымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңейтілген отырысты облыс ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.С.Миражапова ашып, Аналар кеңесінің бір жылда атқарған жұмысы туралы кең көлемді баяндама жасады. Облыс ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова Аналар кеңесінің жыл ішінде атқарған жұмысына жоғары баға беріп, Ассамблея жылы ауқымды жұмыстар атқарғанын, Қазақстан халықтары бірлігін, этносаралық және мәдени байланысты нығайтуда басқа да шараларға белсене қатысқанын атап өтті.

img_2243_compressed

Сонымен қатар Кеңес отырысында Жамбыл облысы әкімінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева Кеңес мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін рахметін айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.              

Шара соңында облыс ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова  Аналар кеңесінің барлық мүшелеріне хатшылық атынан Алғыс хаттар тапсырды.

«Ақ желкен» жастар лигасының кеңейтілген отырысы

«АҚ ЖЕЛКЕН» ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

2015 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Ақ желкен» жастар лигасының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА және облыстық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.А.Лысова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева, мекем қызметкерлері, аналар кеңесінің төрайымы М.С.Миражапова, жастар лигасының мүшелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық, этносаралық келісімді нығайту, туған жерімізді аялап, оның тарихына жауапкершілікпен қарауды үйрету, мәдениетімізді дамыту және қалыптастыру. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде әлеуметтік белсенді топтың қатарында жастардың алатын орны ерекше екенін, олар жаңа идеялардың қозғаушы күші, болашағымыздың нағыз тірегі деген болатын.

15 жыл еліміз үшін мерекелі жыл болды. Осы айтулы жыл қарсаңында этномәдени бірлестік жанындағы жастар қанаты жастар лигасын құру туралы шешім қабылдады. Кеңейтілген отырыста «Ақ желкен» жастар лигасының бір жылдық атқарған жұмысы қортындыланды.

Алғашқы сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.А.Лысова жастар лигасының бір жылда атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, алда үлкен жауапты жұмыстар күтіп тұрғанын айтты және осы сәтті пайдалана отырып «Ақ желкен» жастар лигасының белсенді мүшесі Цой Аннаға ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қол қойған Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды. Сонымен қатар «Ақ желкен»жастар лигасының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Отырыста Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Уайдуллаева жастар лигасының белсенділеріне атқарған жұмыстары үшін рахметтерін айтты. Іс-шара катысушылар мен жастардың пікір алысуымен аяқталды.

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНІЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

2015 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға этномәдени бірлестік өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты. Саябақ, мерекелік алаң шараға сай безендірілді.

Мерекелік кешті «Достар» квартеті Нұрлан Ерімбеттің сөзіне жазылған Бақдәулет Бейсебаевтың «Ел басы» әнімен ашты. Сахнада ұлттық нақышта киінген, Ассамблея мүшелері «Қазақстан» әнін орындап, жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. «Ақ кербез» би ансамбілі «Достық биін» биледі.

Сахна төрінде бейне материал негізінде соғыс ардагерлерінің құттықтауы ұсынылғаннан кейін, оңтүстік өңірлік әскерлерінің үрмелі аспаптар оркестірі соғыс уақытындағы әндерден попури орындады.

Сондай-ақ, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін әнші Жанат Қадіров және «Кәусар» вокалдық тобы орындады. Мәлік Ақүрпековтың «Туған жер» әнін әншілер Қайсар Көкішов пен Әлішер Балтаев әулеті шырқады. Жастар флешмобы назарға тартылған концертте «Кәусар» вокалдық тобы композитор Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін орындап, мерекелік от шашу ұйымдастырылды.