«Шебер» қолдан жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі

«ШЕБЕР» ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

 

p1060933_compressed

Таразда өте  көп адамдар ермек үшін бастаған істерін шағын табыс көзіне айналдыруда.

Бұған осы жылдың 11 шілдесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып өткен «Шебер» қолдан жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі дәлел. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта өтті.

Шараның ұйымдастырушылар Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім”  коммуналдық-мемлекеттік мекемесі.

 Жәрмеңкеде кең ауқымдағы туындылар мен жанрлар қамтылды, олар: матаға салынған кескіндеме, тоқу, кестелеу, ағашқа ою салу, табиғи тастан жасалған зергерлік бұйымдар, моншақтар, шашқа арналган бұйымдар, сөмкелер, дизайнерлік және халықтық қуыршақтар, үйге және тұрмысқа қажетті бұйымдар, қолдан жасалған сабын.

Светлана Воложанкинаның біртума табиғи тастан жасалған бұйымдары, Гүлнара Қотырованың дизайнерлік қуыршақтары, Любовь Клименконың халық қуыршақтары, Диана Шайхеслямованың қолмен боялған дизайнерлік сөмкелері, Галина Королевскаяның  майда моншақтан жасалған ағаштары» жәрмеңкеге келуші адамдардың қызығушылығын танытты.

Сатып алушылар этностық ерекшелікті көрсететін шеберлердің бұйымдарын қызығушылықпен алып жатты. Сонымен, көптеген кәдесыйлар, Шолпан Сурамбаеваның дәстүрлі қазақ үлгісіндегі құрақтан жасалған өнімдері жақсы өтті.

Жәрмеңкеге Тараз қаласынан және облыс аудандарынан 25 адам қатысты. Олардың арасында халық шеберлерімен қатар бұл бағыттағы жұмысты енді бастаушылар да бар. Шеберлердің көбі – облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері.

«Мұндай іс-шараны өткізу оңай емес. Бірақ менің түсінгенім –  мұндай жәрмеңкелер қажетті. Тек қана шеберлерге емес, сонымен қатар қолдан жасалған жұмыстарды бағалайтын сатып алушыларға да керек. Болашақта қазақ хандығының 550 жылдығына арнап тағы бір жәрмеңке өткіземіз деп үміттенемін», – “Қоғамдық келісім”  коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің халықтың қолданбалы шығармашылығын дамыту жөніндегі әдіскер  Вера Майкович.

Сатушылар да өздерінің жұмыстары жыл өткен сайын көбірек танымал болады деп сенеді.

Мен біздің қалалықтардың бірегей және дара тауарларды ұнататындарын байқадым. Егер тапсырыстар түсіп жатса, біз оны жұмыстың қиындығына қарамастан жасауға дайынбыз, – деді шеберлердің бірі Светлана Воложанкина.

Жамбыл облысы әкімі аппарратының

“Қоғамдық келісім”  КММ әдіскері Кислова Ирина

p1060888_compressed p1060903_compressed p1060906_compressed p1060924_compressed

«Туған күніңмен Астана»

«ТУҒАН КҮНІҢМЕН АСТАНА»

 

img_0922_1

2015 жылдың 6 шілдесі сағ. 10.00 де Астана күні мерекесіне орай  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ де  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының , «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлерінің, этномәдени бірлестік өкілдері, және жастарының қатысуымен «Туған күніңмен Астана» атты акциясы өтті. Акцияда облыс ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Л.Лысова құттықтау сөзімен ашып, Қазақстан Республикасы Президенті Нрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі №1035 «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттау туралы қаулысы бойынша ,елдегі қоғамдық келісімнің нығайуына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен бір топ үздіктерді марапаттады.

Атап айтқанда «Коре» Жамбыл облысы корейлер қауымдастығы ҚБ президенті Кан Лаврентий Анатольевич, «Хайлас Инвест» ЖШС Жаңа технология саласы бойынша кеңесшісі Құлманбетов Көшкінбай Айсарыұлы, «Қытай мәдени орталығы» ҚБ мүшесі ЛИ Виталий Иванович, «Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі» ҚБ вице-президенті Мұхамеджанов Абдрахман Әбдіжаппарұлы, «Ақ көгершін» жастар бірлестігі қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Умаров Гулам Мұқтарұлы марапатталды. Этномәдени бірлестіктері атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақ көгершін» жастар бірлестігі қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Умаров Гулам Мұқтарұлы, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі Бурмакина Дарья  мерекеге байланысты құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік іс-шараға қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылды. «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының «Дарын» дуеті, жас әнші Нұрсұлтан Омаров өз өнерлерін ортаға салды.

Акция қаламыздың 1-2, 3-4, 7-9 мөлтек аудандарының аралығында да  өтті, аспанға мерекелік құттықтау сөздер жазылған шарлар тұрғындардың қатысуымен жіберілді.Қала орталығындағы Т.Рысқұлов саябағында бүлдіршіндерге  шарлар сыйлау рәсімі өтті.

Мерекелік іс-шараға 2 республикалық, 3 облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жалпы іс-шараға 500 аса адам қатысты.

 img_1007img_1017p1060837p1060858_0p1060865_0p1060868_0p1060877

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨП МӘДЕНИ ОРТАДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ САРАПШЫЛЫҚ БАҒАЛАУДАҒЫ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ» КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

 

2015 жылғы 1 шілдеде   Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың «Жамбыл облысындағы көп мәдени ортадағы этносаралық ахуалды сарапшылық бағалаудағы жұртшылықтың рөлі» көшпелі отырысы өткізілді.   

Оның жұмысына ҚХА, аудан әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері, белсенді қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, жастар көшбасшылары мен облыс пен ауданның этномәдени бірлестіктерінің басшылары,  «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.   

Өзінің кіріспе сөзінде модератор ұлттық-мемлекеттік біртектілікті қалыптастыру мәселелеріне, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмылдырушы рөліне және жаңа рефоралардың іргеқалаушылық маңызына, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІІ сессиясында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында сөйлеген сөзінде алға қойған міндеттеріне тоқтады.  

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лысова Л.А. құттықтау сөз сөйлеп, онда облыстық ассамблея қызметіне жан-жақты тоқталды және биылғы жылдың екінші жартысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған іс-шаралар туралы айтып берді.    Этностық  негізде дау-жанжалдарға жол бермеудің кепілі ретінде қоғамдық  келісім кеңестерінің, аналар кеңесінің және өзге де ұйымдардың қоғамды жұмылдыру процесіндегі маңызды рөлін және олардың этномәдени құзыреттілігін арттырудың маңызы мен проблемаларды кәсіби деңгейде реттеу мүмкіндіктерін атап көрсетті.   

Бес институционалдық реформаның мәні және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы оларды іске асыру жолдары туралы «Қоғамдық келісім» КММ жеткеші сарапшы-талдаушысы Қаншымбеков Е.Б. сөз сөйледі.  Өз сөзінде ол  экономиканың туристік кластерін дамытуда, «Үлкен ел – үлкен отбасы» бағдарламасын іске асыруда және «Мәңгілік ел» идеясын міндетті түрде оқу бағдарламасына енгізу бойынша этномәдени бірлестіктермен, мемлекеттік органдармен және ғылыми қауымдастықпен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін атап көрсетті. 

Бұдан әрі Мәмедова П.И. 100 нақты қадамды іске асыру туралы айтып, бұл ретте этномәдени бірлестіктер қызметіне қатысты бағыттардың мәнін ерекше атап көрсетті.  Атап айтқанда ол: «Назарды реформаның 4-тарауына ғана аудармау керек,   35, 79, 83, 84-қадамдарға назар аудару керек. Олардың астарында этностық мәні бар, өйткені олар үштілділікті іске асыру саясатына, жер құқығына және әр азаматтың ел тағдырына қатысуына қатысты» -, деді.  

ҚХА мүшесі, «Днепро» украин мәдени орталығының басшысы  Клименко Ф.Л.,  қазақстандық қоғамды жұмылдырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи мәні, оның 20 жылдық жұмыс тәжірибесіне тоқталды.  

Көшпелі отырыстың екінші бөлігінде ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері Қазақстанның этностық ортасында дау-жанжалдарды болдырмау және дау-жанжалдардың алдын алу шаралары туралы бірнеше шеберлік сыныптарын өткізді. 

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Кислов С.С. кейбір қоғамдастықта, тұрмыста, интернетті де қоса алғанда, әлеуметтік желілерде, өкінішке қарай, әлі де орын алып қалатын этностық белгісіне қарай стереотип жасаудың жағымсыз рөлі туралы баяндама жасады. Ол жастар арасында этносаралық коммуникацияда және жеке қарым-қатынастарда қылаң беріп қалатын жаратпаушылық тілін, әдеп нормаларын бұзу мәселелеріне назар аударды.   

Байзақ ауданы психологтар мен медиаторлар кеңесінің төрағасы  Көшекбаева Г. көп этносты ортада дау-жанжалдарды шешудің ерекше рөлі туралы сөйлеп, жер мәселесін, көлік проблемаларын шешу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті және бірнеше оң мысалдар келтірді. Ол қоғамда келісім мен татулықты нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға көмектескені үшін жергілікті билікке алғыс ілдірді.    

Отырыс соңында көп этносты ортада дау-жанжалдарды шешу бойынша ситуациялық ойын ойналып, оған отырысқа қатысушылардың барлығы да қатысты. 

Облыстың ғылыми қауымдастық өкілдері Байзақ ауданының этностық құрамы мен ерекшелігін ескере отырып, этносаралық коммуникацияны жетілдіру туралы ұсынымдар берді. 

Қатысушылар іс-шараға жоғары баға беріп, әлеуметтенбеген жастардың проблемаларын шешу, оларды жұмысқа орналастыру, өңірдің экономикалық дамуы бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. 

П.Мәмедова

облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ төрағасының орынбасары