Үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді.
Үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. Президент қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестермен қарым-қатынасы туралы шынайы және батыл түрде тоқталып, елдегі бірлік, ынтымақтың қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, қаңтардағы қайғылы жағдай туралы айта келе, Мемлекет басшысы қиын сәтте берілген келеңсіз тапсырмаларды пысықтап айтып шықты.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да сәтсіздіктерді айтуға сескенбеді. Мәселен,, ақпараттық «соғысқа» қатысты: – Сол кезеңде ақпараттық жарияланымдар жанында біз шарасыз болдық, онымен күресетіндей уақыт та, күш те тапшы болды. Ол кезде біз туралы кім не айтатыны маңызды болған жоқ, – деді Қ.Тоқаев сұхбат барысында.
Сұхбат беру барысында елдің дамуы, халықтың әл-ауқаты үшін қажетті өзгерістер туралы сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында трансформация қажет екенін атап өтті. Ол реформалар адамдарды өзгерту үшін жасалмайтыны, өзгерістердің тек қалыпты жүйеге ғана әсер ететінін айта кетті. Бұған қоса, жастарға көңіл бөлінді. Ел Президенті «біз қалаларда шоғырланбаған жастармен нақты жұмыс жүргізуіміз керек. «Jas Otan» қатарына жастар арасында сенімге ие, пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын көшбасшыларды тарту керек», – деді. Осы ұсыныс бойынша жастардың білімі, жұмысын саралауда қай бағыттар басым екендігі туралы сөз болды.
Қазақ елін дүр сілкіндірген кешегі қаңтар оқиғасы бәрімізге оңай тиген жоқ, қабырғамыз қайысып-ақ отырды. Кешегі күн – бүгінгі тарих, тәуелсіздігімізге 30 жыл толғанда қиыншылыққа жолығып, біраз есеңгіреп қалдық. Ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Ұйып отырған осы бейбітшілігіміз бен бірлігімізге жетер не бар?! Қандай қиын заман туса да, қандай қуаныш болса да ел іргесі бүтін, бірлігіміз бекем болсын!
Искандиров Мұқаш Зулкарнаевич, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, ҚХА мүшесі