«Үлкен Ел-Үлкен Отбасы»

Жамбыл облысы ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы және этномәдени бірлестік жастарының «Біз болшаққа біргеміз» тақырыбында өткен кеңейтілген отырысы туралы

АҚПАРАТ

Жамбыл облысы ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері қоғамдық жұмыста ғана емес, өмірдеде өздерінің орындарын тапқан жандар.Олардың біразы бүгінде отбасын құрып, бала тәрбиесімен айналысуда,еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуде.

Осы жылдың 22-қаңтарында «Ақ желкен» жастар лигасы және этномәдени бірлестік жанындағы жастары бірлесіп «Біз болшаққа біргеміз» тақырыбында кеңейтілген отырысын өткізді. «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында өткен кеңейтілген отырыста мекеме басшысы  Р.Убайдуллаева  сөз сөйлеп,  «Ақ желкен» жастар лигасының атына жылы лебізін білдірді.Ол өз сөзінде «Ақ желкен» жастар лигасының құрылғанына жылдан аса уақытта біршама  ауқымды жұмыстар атқарғанын, Қазақстан халқы ассамблеясы жылына,Ұлы отан соғысының 70-жылдығына арналған  және қайырымдылық шараларының 70-пайызына «Ақ желкен» жастар лигасының қатысқанын атап өтті.

2015-жылдың тамыз айында «Ақ желкен» жастар лигасы «Нұр отан» партиясы жастар қанатымен бірлесіп Республикалық «Асар» әлеуметтік бірлестік акциясының бастауын ұйымдастырды.Осы іс-шарада соғыс және еңбек ардагерлеріне қайырымдылық шаралары жасалынды, жастардың бастамасымен  облыстық қан орталығына 20-литр қан тапсырылды. «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми –сараптама бөлімінің жетекші сарапшысы П.Мамедова кеңейтілген отырыста «Қазақстанда мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру, ұлт қалыптасуының бір жақты келешегі тақырыбында сөз сөйледі.Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми -сараптамалық топ «Жастар зерттеу» қоғамдық бірлестігімен аты аталған тақырыпта әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2013-жылдың зерттеу қортындысы біздің облысымызда азаматтық принцип негізінде халықтардың сәйкестік деңгейінің басқа жылдармен салыстырғанда төмен деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар П.Мамедова  Қазақстанда 130-дан аса этнос өкілдерінің тұратынын оның ішінде Жамбыл облысында 87-ұлттар мен ұлыстардың облысымызда ықшам орналасқанын айта келіп, өткен жылдың жүргізілген жұмыс қортындысы бойынша сұрақ салушылардың 88-пайызы «мен Қазақстандықпын» деп жауап бергенін атап өтті. П.Мамедова жастар лигасының мүшелеріне Елбасының өткен жылғы екі  жаңа бағдарламалық құжатқа қол қойғанын назарларына салды.Оның бірі «Қазақстандық сәйкестік пен бірлікті дамыту және нығайту» тұжырымдамасы, екіншісі «Қазақстан халқы ассамблеясының 2025-жылға дейінгі даму» тұжырымдамасы. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға жастарды белсенді қатысуға шақырды. Кеңейтілген отырыста Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы М.Миражапова қазіргі жастарымыздың алдында үлкен міндеттер тұрғанын, мемлекеттік тілді білу, сапалы білім, кәсіби дайындық(оның ішінде техникалық, жұмысшы мамандықтарын игеруге) өз халқының және басқада халықтардың тарихын, мәдениетін білуге,жастардың денсаулығының мықты болуына, ішкі жан дүниесінің таза болуы жайлы айтты.

«Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы З.Махусеев тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған бірлескен жұмыс жоспарына тоқталды. «Ақ желкен» жастар лигасының бөлімшелері мектептерде, колледждерде құрылады және оған көбірек ауыл жастарының тартылатынын айтты.Аймақтық ассамблея жанындағы аналар кеңесі мен ғылыми-сараптама тобы негізгі әріптес ретінде жұмыс барысында қолдау көрсетеді.Жақын арада  барлық қатысушыларға «Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі» курстары ашылады, курс бітірушілерінен Жамбыл облысында тұратын халықтардың дәстүрін, мәдениетін, тарихын насихаттайтын жастар арасынан дәріскерлер тобы жасақталатынын кеңейтілген отырысқа қатысушылар назарына жеткізді.