«Үкілі» қыздар клубының тұсауы кесілді
Бүгін М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде республикалық «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Үкілі» қыздар клубының тұсау кесер рәсімі өтті.
Клубтың мақсаты қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, өмірінде отбасылық міндеттерді білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін қыздарды қалыптастыру. Университет қабырғасында жүріп сырласып, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздардың ортасын құру.
Тұсау кесерге «Жер ана» Корпоративті ауыл фермерлерінің қорының төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Роза Мұсабаева, университет аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаева т.б қатысты.
Клубтың тұсауын кафедра меңгерушісі Айгүл Қабиқызы Қабиева және Роза Мұсабаева кесіп, қыздарға бата беріп, барлық қыздаға үкілі моншақ үлестірді. Ал, көрермен тұсау кесер шашуынан дәм татты. Кеш барысында қыздар клубының алғашқы жобасы «Кітап оқуға шақырамыз» атты челленджі көрсетілді.
«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі