«ҚХА-2022 үздік медиаторы» облыстық байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 25-қарашасында Тараздағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «2022 жылғы ҚХА үздік медиаторы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Конкурс медиация институтын насихаттау және дамыту, қоғамдық келісім және жалпыұлттық келісім саласындағы дауларды реттеу бойынша қызметтер көрсететін ҚХА Қоғамдық медиаторларын анықтау және көтермелеу мақсатында өткізілді.
Байқауға Тараз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл және Жуалы аудандарының ҚХА медиаторлары қатысты. Шу ауданынан Тәжир Абдуллаев, Жуалы ауданынан Шора Ысқақов, Жамбыл ауданынан Сәуле Дауылбаева, Меркі ауданы Айбол Тортаев, Байзақ ауданынан Ғайни Көшекбаева және Тараз қаласынан Ирина Федорова ҚХА үздік медиаторы дипломымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшы орынбасары Сәуле Құрманқұлова Жамбыл облысындағы медиация институтының дамуына қосқан белсенді үлестері үшін барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, амандық пен жұмыста одан әрі табыс тіледі.
Бұған қоса, медиаторлар сыйлықтармен марапатталды.
Баспасөз орталығы