Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
Ағымдағы жылдың наурыз айында Қордай аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орайластырылған славян этносы күні өтті. Қордай ауданының «Отечество» славян этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл толды.
Іс-шараға аталмыш этномәдени орталығының және аудандық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, орыс этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы және аудандық және облыстық БАҚ журналистері қатысты.
Шара барысында аудандық Мәдениет үйінің фойесінде «Отечество» этномәдени орталығының шеберлері: Пронникова Наталья, Бабешко Лариса, Шакул Валентиналардың қатысуымен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара «Соседушки» халықтық ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сондай-ақ, мерекелік құттықтау сөздерімен Қордай ауданының ІСБ өкілі – Таңат Қабылтай, «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің төрағасы – Айша Идыбо, «Шаңырақ» қазақ мәдени орталығы басшысының орынбасары – Сарагүл Баденова сөз сөйледі.
Жиын соңында этномәдени бірлестік мүшелеріне мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысының ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы