«Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» атты аймақтық дөңгелек үстел
2018 жылдың 7 маусымында Байзак ауданының Сарыкемер ауылында «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» атты аймақтық дөңгелек үстел өтті. Оған судья, Байзақ соты сот орындаушысы, Қоғамдық келісім бойынша Кеңестің мүшелері, медиаторлары және Бәйзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандары аксакалдары қатысты. Бұл шараның мақсаты қоғамдық келісімнің қамтамасыз етілуінде медиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстелде бағдарламада көрсетілген барлық мәселелер бойынша жанданған және сындарлы диалог жүргізілді, тиісті ұсыныстар берілді, осы бағытта ұсыныстар жасалды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар этномәдени бірлестіктер өкілдерімен этникалық шығу тегі, лингвистикалық мәдени айырмашылықтар және дауларды және қақтығыстарды шешудегі медиациялық тәсілдерді қолдануға байланысты азаматтар арасындағы қақтығыстарды болдырмау үшін тұрақты негізде кеңес беру кездесулерін өткізу қажеттілігіне келісті.