«Қоғамдық келісім» КММ-де «Жамбыл облысы немістер қоғамы»
2023 жылдың 28 қаңтарында Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы облыстық есеп беру конференциясы өтті.
Ұйымның өткен жылғы қызметінің қорытындысын шығаруға делегаттар қатысты.
Айта кету керек, немістер қоғамының облысымыздағы жұмысы – білім, тіл, әлеуметтік, этномәдени, жастармен жұмыс сияқты бірқатар бағыттарды қамту. Конференцияда бақылау-тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған қызметі туралы есебі тыңдалып, жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері мен төлеу тәртібі де белгіленді.
Іс-шара салтанатты түрде аяқталып,белсенділер алғыс хаттармен марапатталды.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы