Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті
Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – өңірлік ассамблея мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады. Мұны Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айрықша атап айтқан болатын. Осыған орай, дәстүрімізді дәріптеп, жақсымызды жарқыратып ұстауды, ұлыларды ұлықтауды – тәуелсіздік туын тіккелі бері мемлекеттік саясатымыздың бір арнасына айналдыра алдық.
Осы негізде ұйымдастырылған іс-шараға қала қонақтары мен тұрғындарына патриоттық жанрда концерттік бағдарлама көрсетілді. Іс-шара «Үкілім-ай» би ансамблі, «Асыл ана» вокалдық ансамблі», «Infinity» би ансамблі және Тухтамышев Мырзобобур, Қосақбаева Ақбота, Осман Делихасаноглы, Шерзод Аширов сияқты этномәдени бірлестік өкілдерінің шығармашылық топтарының қатысуымен өтті. Концерт қала тұрғындарының көңілінен шықты.
#Тәуелсіздіктің30жылдығы
Жамбыл облысы әкімдігінің
ІСБ Баспасөз қызметі орталығы