Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықтық дипломатия

2022 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласында Өзбек халқының этносы, тілі мен дәстүрлері күніне орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен бірге,  аталған іс-шараның шеңберінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына қатысты халықаралық конференция өтті.

Ұйымдастырушылардың қатарында ҚХА, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитеті, «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі бар. Белсенді қатысушылар арасында Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігінің президенті, ҚХА мүшесі, ҚР «Құраш» Федерациясының Президенті Бахром Муминов бар.   – Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тарихи, достық қарым-қатынастарды одан ары нығайту, – дейді Бахром Муминов. – Шараға Орталық Азияның бес мемлекеті-Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан  қатысты. Қазақстанды жоғары деңгейде танытқандардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов та болды. Өзбекстан атынан өкілдік ететіндердің арасында Өзбекстан Республикасының Министрлер  Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Азамат Тошев, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы Аброр Фатхуллаев болды. Шараны өткізу барысында біз, кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмастық. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықтық дипломатия, одақтық, стратегиялық әріптестік және мәңгілік достық туралы 30 жылдық келісім мәселелерін талқылады, – деп атап өтті Б.Муминов.

Қатысушының айтуының қарағанда, бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды қалпына келтіру, ұлттық мектептер ашу жөнінде пікірлер де ортаға салынды. Бұған қоса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 22-саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер Көшбасшыларының VII-съезі туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының Өзбекстанға тоқтағанда 30 күн тіркеусіз жүре алуын ұсыну туралы акт жасалды. Іс-шарада Шымкент қаласында Өзбекстаннан келген көптеген әртістердің қатысуымен ауқымды қызықты мәдени бағдарлама да орын алды.   Бұдан өзге, барлық қатысушылар арнайы дайындалған 160 кг-дық өзбек  «палауынан» дәм татты.  Іс-шараға қатысушылар келесі кездесуді Самарқанд қаласында өткізуді ұсынды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығы