Қазақ әліпбиінің көркем таңбалануы
Үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Жалпы білім беретін орта мектептердің «Көркем еңбек» сабағындағы Қазақ әліпбиінің латын қаріпіндегі Каллиграфия және леттерингі» тақырыбында семинар өткізді.
Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің көркемдеп таңбалануын арнайы үйретуге бағытталған семинардың басты мақсаты – отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, қазақстандық бірегейлігін қалыптастыру, латын тілінде көркемдеп жазуды мұғалімдер мен оқушылар арасында насихаттау, қазақ сөздерінің жаңа графикалық бейнесін бекіту.
Қазақ және орыс тілдерінде екі секцияда жүргізілген семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар басы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Майкович Вера Андрейқызының алғы сөзімен басталды. Вера Андрейқызының айтуынша ұстаздарға қазақ әліпбиінің латын қаріпінде көркемделіп жазылуы арқылы болашақ ұрпақтың санасына әріптердің сауатты әрі әсем жазылу үлгісін қалыптастыратын көрінеді.
- «Әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігінің зор екендігін дұрыс түсінуді насихаттау, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бағыттарын айқындау, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы және мемлекет дамуының эволюциялық жолы болып табылатын жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру біздің негізігі міндетіміз болып саналады. Бүгінгі толқын келесі толқынның заман талабына сай өсіп-жетілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Міне, сондықтанда сіздерді жинап сабақ барысында оқушылардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің дұрыс таңбалануын үйретсе екен деген тілегіміз бар және жәй ғана үйретпей аса көркемдік пен әсем жазылуын бойларына дарытса екен деп отырмыз» – дейді, көрме залының жетекшісі.
Семинарды қазақ тілінде «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының» қосымша білім беруші педагогы – Бегайдарова Эльмира Сарсенқызы жүргізсе, орыс тілініде №40 мектеп-гимназияның мұғалімі – Шайхеслямова Диана Тимурқызы өткізді. Қос тілде өткен семинар барысында ұстаздар латын қаріпіндегі қазақ сөздерін ерекше каллиграфиялық пішінде жазуды үйренді. Жазулары өзгелерден ерек жазылған ұстаздар өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.
Жиын соңында мұғалімдерге сертификаттар табысталды. Ал, семинарға қатысушы ұстаздар тарапынан шараны ұйымдастырушы мекемеге алғыс айтылды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі