«Қайырымдылық керуені» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы
Жамбыл облысының Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. 2020 жылдың 17 маусымында Сарыкемер мектеп-гимназиясында өткен жиынның басты тақырыбы ретінде«Байзақ ауданында жергілікті атқарушы билік органдары мен қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтудағы өзара іс-қимылы» алынды. Отырысқа облыстық, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімі аппараты жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен хатшылары, қоғамдық бірлестік, этномәдени орталықтарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, медиаторлар, жастар, еріктілер, діни бірлестік өкілдері қатысты.
Төрт бағытқа негізделген жиын барысында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ауданның қоғамдық-саяси ахуалы бойынша баяндама жасады. Баяндамада жас отбасылардың ажырасу мәселелері, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтардың, тұрмыстық дау-дамайлардың алдын-алу мәселелері көтерілді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна ауданның ауылдық округтердегі аналар кеңестерінің төрайымдары «Отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбын ортаға салып, көп балалы аналарға өзара тәжірибе алмасу бойынша консультативтік кеңестерін берді.
«Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық жағдай» тақырыбындағы фокус-топта облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптама қолдау бөлімінің бас сарапшысы Тапаева Альбина ауданның қоғамдық-саяси ахуалын зерттеу мақсатында тұрғындармен, ақсақалдармен еркін пікір алмасып, сауалнама алынып, тренинг жүргізді.
Сонымен қатар, еріктілердің жұмысыда назардан тыс қалмай,ауданның жастарымен, еріктілерімен «Еріктілер қызметінің жұмысы» тақырыбында ойлар ортаға салынды.Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету бөлімінің әдіскері Ерханұлы Рахат ауданның еріктілеріне, облыстық Ассамблея еріктілер қозғалысының мақсат-міндеттері туралы ақпараттар мен мағлұматтар берді.