ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Биылғы жылдың 24 қазанында облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев Республика күні қарсаңында Ж.Баласағұн атындағы орталық концерт залында марапаттау рәсіміне қатысып, Мемлекеттік марапаттармен бірқатар ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерін де марапаттады.
Марапатталғандардың қатарында – Жалил Аббосов («Құрмет» ордені), Абдрахман Зайнутдинов (ҚХА Қоғамдық «БІРЛІК» алтын төсбелгісі), Таня Апаева («Қазақстанның құрметті азаматы» төсбелгісі), Эльмира Мырзағали («Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі), Ибрагим Зуфаров (ҚХА «құрмет грамотасы»), Махкам Орифов (ҚХА «Құрмет грамотасы»), Диляфруз Кинжеханова (ҚХА Алғыс хаты), Хабиба Джумабаева (ҚХА «Құрмет грамотасы»), Любовь Кондратенко (ҚХА Алғыс хаты), Магомет Лолохаев (ҚХА Алғыс хаты), Валентина Досыбиева (ҚХА Алғыс хаты), Бибігүл Утепова (ҚХА «Құрмет грамотасы»), Хамида Тұрдыевалар (ҚХА «Құрмет грамотасы») бар.
Ерекше атап өтейік, Республикалық Тәжіктер этномәдени бірлестігінің филиалы төрағасы Махкам Жұманазарұлы марапатын Астана қаласында ҚХА төрағасының орынбасары Алмас Әзілхановтың қолынан алды.
Сонымен, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, өңірлік этномәдени бірлестіктер, өңірлік ҚХА құрылымдары өкілдерінің атынан лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, таусылмас күш-жігер тілейміз. Бірлік пен ынтымақты, бейбітшілік пен келісімді нығайту ісінде алдағы уақытта да толағай табыстарға ие бола беріңіздер! Береке-бірлігіміз артып, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!
Республика күні құтты болсын!
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі