ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСТЫ ОНЛАЙН ОТЫРЫС ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушыларымен республикалық онлайн семинар өтті.
Іс-шараға ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, ҚХА мүшесі, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, белгілі журналист, блогер Алмас Алтай және этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар және Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де қатысты.
Кездесу барысында Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысының қорытындылары мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар талқыланды.
Қатысушылар бірауыздан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында көтерген бастамаларын қолдайтындарын айтты.