Кешегі өткен Ассамблеяның ХХХІ сессиясында Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер бойынша елде референдум өткізу туралы мықты шешімдер қабылдады
Кешегі өткен Ассамблеяның ХХХІ сессиясында Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер бойынша елде референдум өткізу туралы мықты шешімдер қабылдады. Соның нәтижесінде қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізілетін болады. Жалпыға бірдей дауыс беру халықтың ерік-жігерінің жарқын мысалы болады.
Референдум дегеніміз – менің пайымдауымша, әрбір қазақстандыққа өз ұстанымын, өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру. Жеке, оның өмірлік тәжірибесі мен үміттеріне негізделген. Бұл, әрине, көп күш жұмсауды қажет ететін күрделі және көп уақытты қажет ететін жұмыс. Ол, сөзсіз, «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» тиімді демократиялық құралдарының біріне айналады. Мәселен, сессия барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Наталья Калашникова, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Сергей Огай, «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин, саяси шолушы Никита Шаталов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, «Азаттық Рухы» агенттігінің тілшісі Надежда Палинка, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық бөлімінің төрағасы Әскер Пириев және музыкант, блогер Алексей Лодочников сөз сөйледі. Маған мысалға, «Азаттық Рухы» агенттігінің тілшісі Надежда Палинканың журналистика этикасын сақтау, «Араздық тілін» болдырмау, ассамблеяға қатысты немесе басқа да үкімет жұмыстарына теріс пікір жазатын диванды сарапшылар болсын, басқасы болсын, еш дәрежесіне қарамастан заңды түрде жауап беруі сияқты атап өткен ұсыныстары өте ұнады. Сондай-ақ, блогер Алексей Лодочниковтің мемлекеттік тілді үйренуде еш қиындық жоқ екенін басып айтқаны, оған қазір мемлекетімізде барлық жағдай жасалғаны жөнінде айтып бергені, өзінің қазақ тілінде еркін сөйлейтіні мені қызықтырды.
Мен ойлаймын, Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Сондықтан да, біз – өскелең ұрпақ «алдыңғы толқын ағаларымыздың» Абай атамыз айтпақшы, үлкендеріміздің ұлағаты мен өсиеттеріне аса мән беріп, олар бізге жамандық тілемейді, солардың сенімді ізбасарлары болып, Мемлекетіміздің жаңаруына бар күшімізді салуымыз керек!
Хамида Турдыева,
Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары
Қоғамдық бірлестігінің төрайымы