ІРЛІК «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҚБ «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫМЕН САРЫСУ АУДАНЫНДА ӨҢ
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ Сарысу ауданы жастарымен кездесу өткізді.
«Достық керуені» жобасын ілгерілетудегі мақсат — өңірлік ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.
Осы орайда, облыстық Ассамблея жастары Сарысу ауданының Жаңатас көпсалалы колледжінде мектеп оқушыларына арналған «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты тимбилдинг жұмыстарын жүргізді.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі