ЭТНОМЕДИАТОРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2023 жылдың 14 шілдесінде Тараз қаласында этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел анықтауға, уақытылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қабілетті этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша 5 күндік семинар-тренинг аяқталды.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығы өткізді.Сабақтың соңғы күнін ресейлік саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы Андрей Манойло өткізді. Жаттықтырушы тыңдаушыларға этномедиатор жұмысының әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін ашып айтты.Спикер өз сөзінде этносаралық қақтығыстарды шешудің, әдістері мен практикасына, келіссөздер жүргізу тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының 50-ден астам қатысушысы сертификат алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі