ЭТНОМЕДИАЦИЯ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Ағымдағы жылдың 20 наурызында Достық үйінде «Этносаралық жанжалдардың алдын алу» атты өңірлік этномедиация кеңесі мүшелері, дін қызметкерлері, ЭМБ өкілдері, ҚХА құрылымдары, ҒСТ мамандары және медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Келелі кеңесті облыстық этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов ашып, барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Замана Исмаилова қатысушыларды өңірдегі этносаралық қатынастар проблемаларының мониторингімен таныстырды. Бұдан соң, мекеме заңгері Дина Амиреева этносаралық алауыздық пен арандатушылық, оның ішінде әлеуметтік желілердегі қылмыстық жауапкершілік туралы баяндады.
Жиын барысында этносаралық негіздегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар, қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі этномедиация кеңесінің жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.