Еліміздегі жалпыхалықтық мереке 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен тұспа-тұс келеді
Еліміздегі жалпыхалықтық мереке 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен тұспа-тұс келеді. Аталмыш мейрам 2016 жылдан бері біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні ретінде ресми түрде мерекеленіп жүр.
Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім. Сонымен бірге, Алғыс айту күні бейбітшілік пен келісім саясатының жарқын көрінісіне айнала білді. Өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты.
Бұл күні біз, барлық ұлт пен ұлыс өкілдері әдебиетімізді, мәдениетімізді, өркениетімізді, тарихымызды аманат етіп табыстап кеткен ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.
Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен халықтардың ұлдары мен қыздарына пана болған жандарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!
Сондай-ақ, облыстық Ассамблея іс-қимылдарына жұмыла атсалысып жүрген облыстық ҚХА мүшелері мен барлық этномәдени бірлестік өкілдеріне, облыстық, қалалық әкімдіктерге, Ішкі саясат басқармаларына, Ассамблея жастарына, «Қоғамдық келісім» РММ, КММ қызметкерлеріне де шексіз алғысымды білдіремін!
Жақсы күндеріміз көп болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел бірлігіне нұқсан келмесін!
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы