ЕЛДІҢ БІРЛІГІМЕН ТАТУЛЫҒЫ – БІЗДІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІМІЗ

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қоғамдағы топтастырушы және біріктіруші күшке айналып отыр. Ол мемлекеттің ұттық саясатының өзекті міндеттерін шешуге белсенді түрде атсалысады. Саяси оқиғалар мен жағдайларға сараптама жасай отырып, қоғамдық келісіммен татулықты сақтауды қамтамасыз етудің жолдары бойынша игі істер атқаруда.

Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етуде. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына елімен жеріне деген сүйіспеншіліктен ғана туындайды. Қазақтың ұрпақ тәрбиесімен пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі секілді қасиеттері әрқашан оң және жоғарғы бағаға ие.

Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық татулық көптеген елдерге үлгі себебі, сенімімен көзқарасы әр алуан ұлттар мен ұлыстар бір мемлекетте береке-бірлікте өмір сүріп келеді. Елдің бірлігімен татулығы біздің ең құнды жәдігеріміз!

16-желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, Қазақстан халқы!

 

Сулейманов Абдукарим Исаевич, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Облыстық «Барбанг» Күрділер этномәдени бірлестігінің өкілі