ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚХА ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінде этномедиация Кеңесінің отырысы өтті.

Шараға облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, аталған кеңес мүшелері, ЭМБ төрағалары және өңірлік ҚХА медиаторлары қатысты.

Отырыста этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов барлық қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, өңірдегі этносаралық шиеленістің алдын алу шараларын әзірлеу, алдын алу және іске асыру бойынша ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кешенімен таныстырды.

Медиаңия кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева Жамбыл облысы ҚХА этномедиация кеңесінің қызметі туралы есеп беріп, оның келешегі мен жаңа бағыттарын баяндап өтті.

Сондай-ақ, шарада этномедиация бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес мүшелері этносаралық негіздегі жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс, этномедиация орталығы қызметінің нәтижелері бойынша ақпараттық насихатты күшейту мақсатында жастар арасында оның қызметін жандандыру жөнінде ұсыныстар енгізді.