БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ БАСТЫ МҰРА!

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Zoom» платформасы арқылы жастарды қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі қызметке тарту мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Жиында ҚХА бастамалары мен жастар жобаларын қолдау тапсырмасын іске асыру мәселелері қарастырылды.

Аталған жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, облыстардағы жастар саясатын жүзеге асырушы жауапты тұлғалар және «Қоғамдық келісім» мекемелері, сонымен қатар ҚХА-ның «Ассамблея жастары» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Жастардың жобаларына басымдық берген жиынға біздің өңірден «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және “Ассамблея жастары” РҚБ төраға орынбасары, бірлестіктің өңірдегі жетекшісі Хамида Турдыева қатысты.

ҚР МАМ өкілдері ведомствоның жастар саясаты саласындағы жұмысы туралы айтып, мемлекеттік органдардың Қазақстан халқы Ассамблеясымен және оның «Ассамблея жастары» жастар құрылымымен ынтымақтастығын күшейтудің маңызын атап өтті.

Жиын соңында сөз сөйлеген «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев этникалық жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау, этномедиация, волонтерлік пен қайырымдылықты дамыту сияқты жаңа жобалар мен бастамаларды ұсынды.