Бірлігі бекем – тірлігі көркем!
Біздің Отанымыз өз алдына Мемлекет болып қалыптасқаннан бері оның өсу жолы, жетістігі мен толайым табыстары мен дамуындағы Ассамблеяның рөлін бағаламау мүмкін емес. Өйткені елімізге көз тігіп, басқан қадамымыздан жалтармай қарап отырған елдер жетерлік. Олардың арасында қаншама халықты бір ортаға жинап отыру мүмкін емес, бұл этносаралық ыдырауға әкеліп соғады дегенде болжамдардың болғаны анық. Алайда, бірілігі көркем елдің тірлігіде бекем болары сөзсіз. Бұған бірден бір негіз болған нәрсе, жергілікті тұрғындар мен билік басындағылардың бізді өзге деместен өз деместен тең қарап, тілге, дінге, мәдениет пен әдебиетке деген құрмет көрсетуінде болатын. Ассамблеяның атқарған жұмысының арқасында сенімнің, келісім мен өзара түсіністіктің, тұрақтылық пен бейбітшіліктің ерекше аурасы қалыптасты. Әрбір азамат ұлтына немесе діни нанымына қарамай Ата Заңымызда кепілдік берілген құқықтар мен еркіндіктердің бәрін толық пайдаланды.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді.
Бүгінде біздің экономикамыздан болсын, басқа да әлеуетінен болсын әлде қайда алдыға шарықтап кеткен елдер қаншама. Бірақ, мәселе сол елдердің дамып кеткендіктерінде емес. Мәселе біздің елімізбен салытырғанда кейбір елдердің өзара қырқысы олардың әлемдік деңгейдегі абыройына нұқсан келтіріп тұр. Бірлік болмаса тірліктің бәрінің бекер болуы осының дәлелі. Осы тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында еліміздің өзге елдерден тұрақтылық пен бейбітшілік жағынан оқ бойы озық тұрғанын мақтанышпен айтқым келеді.
Исмазов Руслан Бакирович
Жамбыл облыстық “Вынхуа” дүнген
этномәдени бірлестігнің мүшесі