Белсенділік жолымның биігі деп білемін
Қадыралиев Айбек Амансейітұлы – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі
2015 жылдың наурызы. Студенттік кезімнің соңғы жылдары. Ауылдан келген қара баланың талпынысы мен талабын одан ары қаланың тыныс-тіршілігі баурап алып, қоғам өмірінің дамуына қолдан келгенше жастар атынан үлесін қосып, есесіне сол бір белсенділік пен шығармашылықтың арқасында Тараз қалалық «Жастар орталығында» еріктілер ұйымының жетекшісі болып жүрген шақ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан еді. Облыс әкімдігіне жылдам келуге қоңырау түсті. Тіпті, қызметтік көлікте жіберіп қойыпты. Ойымда ештеңе жоқ, абыр-сабыр болып, бір шетінен қобалжу мен уайым басым. Үшінші қабатқа кіріп, 30 адамның 29 ы болып тіркелдім. Облысқа белгілі саяси тұлғалар, өнер, білім, ғылым және басқа да түрлі жетістіктерге жеткен тұлғаларды облыс әкімі К.Көкрекбаев қабылдап жатыр екен. Басты тақырып Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына Елбасымыз арнайы келіп қатысатын республикалық жастар форумы екен. Бар ынта мен күш-жігерді жиып, дайындалып отырдым. Кезегім келді. Мен Елбасымын, жастар атынан не айтасың деген сұрақ келді. Жастар алдында сөйлеп, жалын мен жаңаша бастамаларға бастау алып жүрген жастың бірі ретінде ойыма оралған оңды сөздерді жаудырып, азды-көпті өлең шумақтарымен жалғастырып жібердім. Облыс жастарының атынан сен сөйлейсің деген сөзді естіген сәттегі әсерді айтып жеткізу мүмкін емес. Дайындықтар, күндегі кездесулер, сөйлейтін сөздерді сараптау, барлығы мерекелік күн болатын уақытта дайын болды. Елбасымен кездесетін уақыт. Бойдағы тербеліс сәт. Қобалжу, қорқу, барлығында Елбасымыдың алдына шығып, амандасқанымнан ақ ұмытып, алдыға қарай сайрай түстім. 5000 адам жиналған Тараз Арена спорт кешенінің көрінісі тіптен бөлек. Елбасыма егемендік жолдағы ерен істері үшін, өз алғысымды шынайы білдіріп, ары қарай өркендеп өсу жолында өлеңіммен өрілген алғысымды білдірдім. Сөз аяғы келгенде шапалақпен шабыт берген көрермендерге қосылып, Елбасымыздың өзі де орнынан тұрып қошеметтеп тұрғаны да үлкен әсерге бөледі. Белсенділігімнің осы бір сәт ең үлкен жемісі, жеңісі , биігі деп білемін. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі болып жүріп, Астана қаласында өтетін «Жас Отан» жастар қанатының сьездеріне де бірнеше рет Елбасымыз қатысатын әр түрлі жиындардың да қатысушысы болдым. Elbasymen #birgemiz