«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облысында этностар ықшам орналасқан жерлерде тұратын ауыл тұрғындарымен кездесу циклі жалғасуда. Бұл іс-шаралар біздің қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру мақсатында өткізілді.

2022 жылғы 22-желтоқсанда жұмыс тобының құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің ІІБ ҚХА хатшылығының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулетов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева және осы мекеме қызметкерлері Жамбыл ауданы, Сұлутөр, Жалпақтөбе, Гродеково, Шайқорық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Өткізілген іс-шараларға ақсақалдар, ардагерлер, билер және қоғамдық келісім кеңестерінің, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, көп балалы Батыр аналар, қандастар бір адамдай белсенді қатысты.

Кездесулер барысында Жаңа Қазақстанның бірлігі мен келісімі, өзекті реформалары, тың идеялары мен құндылықтарын нығайтудың маңызды аспектілері талқыланды. Жұмыс тобы ауыл тұрғындарының әртүрлі санаттарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен танысып, түйткілді мәселелерін тыңдады. Сонымен бірге, Шайқорық ауылы Шайқорық мектебінде жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен тимбилдинг өтті. Іс-шара барысында қызықты сұрақтар қойып, оларға құзыретті жауаптар ала алатын көп балалы Батыр аналар да назардан тыс қалмады.

«Менің елім, Менің Қазақстаным» атты мектеп оқушыларына арналған тимбилдингті өткізудегі мақсат – жастар ортасында қазақстандық бірегейлікті, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу. Жас ұрпақтың облыс этностарының мәдениеті мен дәстүрлерінің алуан түрлілігіне толерантты қарым-қатынасын дамыту. Заманауи этномәдени кеңістікте дәстүрді мәдениетті жаңғырту, сақтау және тарату, мұраны насихаттау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы