«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Облыстық «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Тараз қаласында қоғамдық қабылдау да өз жұмысын жалғастырған еді.

Өзге этнос өкілдерінің бірлік пен тұрақтылыққа негізделген екі күндік кездесуде этнос өкілдері көп шоғырланған елді-мекендердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Қабылдау іс-шаралары бүгін де «Қоғамдық келісім КММ — Достық үйі ғимаратында № 5 және №37 мектеп гимназияларының қатысуымен өтті.

Аталған мекеме басшысы Мүбарак Қасымқызының жетекшілігімен облыстық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының өкілдері – Тараз қалалық Өзбектер мәдени орталығының төрағасы Абдрахман Зайнутдинов, «Ахыска» Түріктер этномәдени орталығының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибрагим Зуфаровтар қоғамдық қабылдаулар жұмысына белсене қатысты.

Шара барысында келушілер түрлі салаға қатысты көкейтесті мәселелер мен талайдан толғандырған сұрақтарына көңілдеріне қонымды жауаптар алды.

Айта кетейік, аталмыш жоба аясында жүзеге асырылған бұл іс-қимылдардың этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жолындағы маңызы өте зор саналады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі