Бұл Жолдау бұрынғы жолдаудан өзгерек
Бүгін, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» негізге ала отырып, реформалар мен үкіметке саяси жүйені одан әрі дамыту және «Жаңа Қазақстан» ауқымды жұмыстарға бағытталған. Елбасы тәуелсіз Республикамыздың одан әрі дамуының кепілі болатын реформаларды алға тартып, жүзеге асырды.
Алдыңғы жолдаулар секілді бүгінгі жолдаумыз да халқымыздың жарқын болашаққа деген сенімін арттырды. Ұлттық рухымызды күшейтті. Мен ең маңызды аспектілерді атап өткім келеді, бірақ әр бағыт өзінің өмірлік рөлін атқарады. «Азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» осы президентіміздің сөзі жаныма батты.
Шын мәнінде ең бастысы – еліміздің егемендігі . Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ,сол құндылықты сақтау мен қорғау біздің басты парызымыз. Еліміздің жарқын келешегі мен болашағы – ақыл мен парасатты ту етіп ұстанған, Отаншылдық рухы жоғарғы білімді ел қолында екені анық. Елімізді жаңа бағытқа бағдарлайтын өзгерістер, тек қана парақта емес нақты іспен көрсетіп сапалы жұмыс жүргізілу керектігін туралы ерекше айтылды. Ол үшін барлық салада азаматтық қоғамға негізделген жүйелі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар жүзеге асатын болады. Біз әрқашан басқалардан өзгеріс күтеміз, мемлекеттен реформалар талап етеміз.Дегенмен, бұл міндетті орындау үшін мен не істеймін деп ойлануымыз керек.Әрқайсымыз жолдауды өз саламыздағы жұмыс жоспары деп қарауымыз керек. Ұстаз ретінде жастарды тәрбиелеудің қыр-сырын ерекше атап өттіп, патриоттық тәрбиені күшейту қажет.Ал үш баланың анасы ретінде Отанға деген сүйіспеншілік пен Отанымыздың игілігі үшін еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге міндеттімін. Өзгеруді өзінен бастау әр азаматтың Отан алдындағы парызы.
Динара Нуралиева – Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының мүшесі, қалалық №34 орта мектептің директоры