Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Ш.Қалдаяқов» атындағы Облыстық филормония ғимаратында «25 қазан – Республика күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімі Р.Мыңбаев қонақтарды мерекелерімен құттықтап, тілек білдірді. Жиында ауданның дамуына елеулі үлесін қосып, түрлі салаларда жетістікке жеткен азаматтарымыздың еңбегі еленіп, «Алғыс хаттар» табысталды. Салтанатты іс-шарада «Республика күнінің» маңыздылығын атап өтетін бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің өнерпаздары өз өнерлерімен мерекенің сәнін кіргізіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті.
1 наурызда бастау алған акцияның республикалық форумына еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлер мен қайырымды жандар жиналды. Олардың қатарында Жамбыл жерінен «Облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы — Айша Идыбо, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев және «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Аббосовтар қатысып, марапатталды.
Естеріңізде болса ерте көктемде бастау алған акция аясында ерекше назар аударылған «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» сияқты көптеген экологиялық, волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралар өткізілген болатын.
Жиын барысында «Қайырымдылық керуеніне» қатысушыларды қайырымдылыққа қосқан елеулі үлесі үшін «Жомарт жан» ҚХА құрмет белгісімен меценаттар, волонтерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері марапатталды.