АУДАНДАҒЫ ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

«Достық керуені» жобасы шеңберінде Шу ауданында өткен іс-шаралар бағдарламасына сай аудандағы этнос жастары арасында ұлттық ойындар спартакиадасы ұйымдастырылды.

Аталған спорттық сайыс облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарыс бағдарламасы аясында аудандағы колледж сутденттері «Асық ойнау», «Ләңгі тебу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Гір тасын көтеру» сынды ұлттық ойындарды дәріптеп, жеңімпазды анықтады. Өскелең ұрпақты тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, баулитын жарыс – этнос жастары арасындағы ынтымақты нығайтатыны күмәнсіз. Ұлттық спортты ұлықтаған дода қызу әрі тартысқа толы өтті. Жанкүйерлердің делебесін қоздырған спорттық сынның қортындысына сай, жеңімпаздар мен жанкүйерлер анықталып, марапатқа ие болды.