АССАМБЛЕЯНЫҢ АБЗАЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстанда 1 қазанда Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 29 қыркүйегінде Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» мекемесінде өңірлік ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік іс-шараға қатысушыларға “Қоғамдық келісім” мекемесі шығармашылық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, көрермендер назарына вокалдық және түрлі хореографиялық нөмірлер ұсынылды.
Концерттік бағдарламаны іске асырушылардың қатарында КХА-ның ересек белсенділері- Жамбыл облыстық Қытай этномәдени бірлестігінінің төрайымы Галина Воробьева, КХА Ақсақалдар кеңесінің өкілі Ыдырыс Юнусов, Немістер қауымдастығының «Поющие сердца» вокалдық тобы бар.
Айта кетейік, Кенен Әзірбаев Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Дулат Жасұзақов «Туған жерім-өз елім», «Анаға сәлем», Мейірім Ханзина «Қарлығаш», «Қазағым-ай» әндерін нақышына келтіріп шырқап, көрерменнің көзайымына айналды.
Іс-шараға қатысушыларға Достық үйінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қолөнершілері дайындаған киім туындылары көрсетіліп, көз жауын алар сән көрсетілімі де ерекше түрде өтті.
Мерекелік шараның соңында этномәдени бірлестіктері ардагерлері мен белсенді өкілдерінің бірқатары «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы атынан сыйлықтар алып, Алғысхат, Дипломдармен марапатталды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі