Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жасанды бүйрек» аппаратында емделіп жатқан ауыр бүйрек науқастарына арналған үстел кітабын тегін тарату басталды
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жасанды бүйрек» аппаратында емделіп жатқан ауыр бүйрек науқастарына арналған үстел кітабын тегін тарату басталды.
Қорқынышты диагнозға тап болған адам көбінесе өзін дәрменсіз сезінеді, көптеген жауапсыз сұрақтар мен болашаққа деген сенімсіздікпен арпалысары сөзсіз. Аурумен күресуде дәрігердің тәжірибесі мен білімі ғана емес, сонымен бірге науқастың сенімділігі, ауруды жеңуге деген ықыласы да үлкен рөл ойнайды. Сондықтан бұл кітап маңызды, өйткені ол науқастарға бағыт-бағдар беріп көмектесуге арналған.
Кітап 8500 дана болып басылды. «Амбулаторлық гемодиализдегі науқастың үстел кітабының» авторы Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілі, доктор Дуниядар Абдуллаев.
Аталған медициналық кітаптың жарыққа шығуына демеушілік еткен «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Махмутжон Давришев және «DATÜB» халықаралық қоғамдық ұйымының төрағасы Зиятдин Кассанов.
Айта кету керек, жоғарыда аталған меценаттар кітапты шығаруға көмектесіп қана қоймай, оны бүкіл Қазақстан бойынша тегін таратуға да көмектесуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы.