Жамбыл облысында “Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары” атты “Formatted” семинары өтті
Білім беру жүйесіндегі Медиация қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие. Осыған байланысты 2022 жылғы 31 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ «Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары» атты “Formatted” семинары өтті.
Шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, облыстық білім бөлімдерінің басшылары, ҚХА медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты – халық бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді сақтау. Медиация қағидаттары негізінде жанжалдар жағдайына қатысушыларды әлеуметтік оңалтуға және жанжалдардың алдын алуға жәрдемдесу; өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, білім мен өзін-өзі жетілдіруге, Отан тарихы, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Дәулет Тасыбаев құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға қатысушылар Медиацияның жалпы және мектеп медиациясы бөлігіндегі маңыздылығын атап өтті. Құжаттар медиацияны ілгерілету жолдары, медиация арқылы балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен хабардарлығын арттыру, отбасылық-мектеп медиация орталығының алдын алу жұмысы, тиімді топтық жұмысты ұйымдастыру, қоғамдық кеңестер қызметіндегі медиацияның рөлі сияқты тақырыптарды ашып, “Құқық қорғау қызметі” Медиация орталығында татуластыру рәсімдерінің тәжірибесімен бөлісті.
Жамбыл облысы ҚХА медиаторы, Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрайымы Ғайни Көшекбаева өз сөзінде: – Медиация сияқты демократиялық институт құқықтық мәдениеті жоғары елдерде кең таралған, онда білім алушылар да, студенттер де медиациямен айналысады, сол жерде медиация қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылады. Бізге қадағалаусыз және панасыз қалудың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, құқық түсіндіру және жастар іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша жұмыс шеңберінде медиативтік тәсілді, сондай-ақ, кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен түзету жұмыстарында оң қарым-қатынас технологияларын пайдалануды бөліп көрсету қызметінде ерекше назар аудару қажет, – деп, өз сөзінде атап өтті.
Іс-шара авторлары Г.А. Көшекбаева, М.С.Божымбаева, Р.С.Сәбитбекова болып табылатын «Медиация қызметін жетілдіру жолдары” кітабының тұсаукесерімен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз қызметі орталығы