Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Алғыс айту күнін атап өтті
2022 жылдың 1 наурызында ҚХА мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Алғыс айту күнін мерекелеуге белсенді қатысты. Мерекелік іс-шаралар ZOOM платформасында онлайн-форматта өткен “Ұрпақтар ұмытпайды” синхрон-бейне дәрісіне қатысудан басталды. Аталған әлеуметтік-гуманитарлық жобаны “Шаңырақ “ҚХА кафедраларының қауымдастығы” РҚБ іске асыруда және ол Қазақстан Республикасындағы Алғыс айту күніне орайластырылған. Қатысушылар арасында этномәдени және ғылыми-сараптамалық қауымдастық, Жамбыл облысының “Ассамблея жастары” РМД өкілдері бар. “Қазақ халқына мың алғыс” монументінің алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қатысушылар қатарында ҚХА мүшелері, депутаттар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары мен қонақтары бар. Қатысушылар алдында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі. Өңір басшысы баршаны мерекемен құттықтай келе, өз сөзінде ол Қазақ елі үшін бірлік пен ынтымақтан артық байлық пен бақыт жоқ екеніне аса назар аударды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы “Днипро” украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, Жамбыл облысы “Радонеж” орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, Жамбыл облысы “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Ибрагим Зуфаровтар құттықтау және алғыс сөздерін сөйледі. “Қоғамдық келісім” КММ-де өткен Алғыс күніне арналған салтанатты жиналыста Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев былай деп айрықша атап өтті: – “Ата-бабаларымыз, әкелеріміз қандай қиын кезеңдерді басынан өткергенін тарихтан жақсы білеміз. Біз аға ұрпақ іргесін қалаған достықты, бірлікті жалғастыруға тиіспіз. Бұл – полиэтносты, поликонфессиялы Қазақстанның ең басты байлығы. Наурыздың бірінші күні Алғыс айту күні деп жарияланғаны бекер емес. Адам қаншалықты риза болса, соғұрлым жақсы ниетте жүреді. Бұған өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты парызымыз. Біз сіздерді осы күні арнайы жинап, сіздерге көп рахмет айта отырып, барлықтарыңызға – денсаулық, амандық, елімізге – тұрақтылық, бейбітшілік тілейміз”. Сонымен бірге, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолынан салтанатты түрде белгілі қоғам қайраткерлері, спортшылар, түрлі мамандық иелері алғыс хаттар алды. Сондай-ақ, “Ризашылық-мейірімділік бұлағы” іс – шарасы өткен “Көне Тараз”тарихи-мәдени кешенінің аумағында мерекелік атмосфера орнады. Бағдарлама әртүрлі болды. Көрермендер М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері – “Дулати жастары” халықтық шығармашылық тобы жастар театрының қатысуымен театрландырылған қойылымды тамашалады. Мереке қонақтары түрлі этностардың ұлттық киімдері мен мәдениеті, салт-дәстүрімен танысты. Көрермендер назарына көрме ұйымдастырылып, халық шығармашылығы шеберлерінің, ұлттық киімдердің экспозициялары ұсынылды. Спорттық жарыстарды ұнататындар үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылды, онда ұлттық ойындар – тоғызқұмалақ, асық, ләңгі ойнауға, сондай-ақ армрестлинг пен арқан тарту, білекпен күш сынасуда өз күштерін сынап көруге мүмкіндік болды. Өңірдің этномәдени бірлестіктері барлық жиналған қауымға ұлттық тағамдар – палау, жеті дәм, бауырсақтан дәм татқызуы ешкімді бей-жай қалдырмады. Мереке соңы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының орындауында вокалдық және хореографиялық нөмірлермен және Жамбыл облыстық филармониясы, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының қатысуымен өткен мерекелік, көңілді концертпен аякталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы