Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де, жәй ғана рахмет айтумен де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.
Осыған орай, Құрметті қазақсандықтар мен жамбылдықтар! 1 Наурыз – Алғыс айту күнінде баршаңызға тілерім – өмірлеріңіз жақсы жаңалықтарға толы мәнді де сәнді болсын! Қазақстанның жаңа дамуы жолында бірлігіміз бекем болғай!
Жамбыл облысы Қордай аудандық
славяндар этномәдени бірлестігінің
мүшесі Гарбуз Татьяна Николаевна