«Ана тілім – дана тілім»
Ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Қоғамдық келісім» КММ-де «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілім – дана тілім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы этностардың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту, балаларды тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар біздің елде тұратын барлық адамдардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекенің қонақтары – әртүрлі этностық топтардың жастары, №34 және №2 орта мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, № 24 мектеп-гимназиясының белсенді оқушылары.
Шара барысында балалар өз тілдерінде өлеңдерін оқып, әртүрлі ойындар ойнады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді» – дейді ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухаббат Турдыева.
Айтуынша, балалар жылы тек ұран түрінде емес, оларға сапалы білім беру мен патриоттық сезімді қалыптастыру алдыңғы қатарда болу керек.
Мерекелік іс-шараның соңында, оқушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.
Жамбыл облысы әкімдігі
ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы