Ассамблея мен соттар арасындағы ынтымақтастық меморандумы
Бүгінде Жамбыл облыстық соты мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық меморандумын жүзеге асыру жоспары аясында үлкен жұмыс атқарылуда.
Ағымдағы жылда облыстық сотта «Ұлт жоспарын орындау контекстінде Азаматтық іс жүргізу кодексін орындау жылы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл тұрғыда Азаматтық іс жүргізу кодексінің негізгі баптары, соның ішінде медиация институтын дамыту, дау-дамайларды шешу мен татуластыру мәселелерін талқылауда ашық диалог алаңына айналды. Қазақстан халқы ассамблеясының медиаторлары кодекс баптарын талқылауда өз ұсыныстары мен ұсынымдарын жасады.
Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында медиация институтын енгізу туралы міндеттері бүгінде орындалуда.
Қараша айында облыстық сотта «Тәуелсіз Қазақстанда сот билігі мен құқық жүйесінің қалыптасуы» тақырыбында конференция болып өтті. «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторлармен жұмыс жасау менеджері Валентина Досыбиева «Медиация – Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа бағыты, ол әртүрлі мәселелер мен қарама-қайшылықтарды шешіп қана қоймай, еліміздің дамуы мен қоғамдық келісімге шынайы пайда тигізеді», – деп атап өтті өз баяндамасында.
Бұл іс-шара медиация институтын енгізуде соттармен, заңгерлермен, билік пен ғылым органдары өкілдерімен тұрақты түрде диалог орнату керектігін дәлелдейді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.