«Жылу» қайырымдылық акциясы
Үстіміздегі жылдың 12 ақпанында Жамбыл облысы ҚХА «Ассамблея жастары» өңірлік қоғамдық бірлестігі «Жылу» қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция аясында тұрғылықты үйлері өрт құрсауында қалған көпбалалы Табуровтар отбасына қайырымдылық қорын ашып, жиналған суммаға тұрмыстық қажетті заттар, азық-түлік, балаларға тәттілер жеткізді. Бұған қоса, планшет сыйлады. Алдағы күндері уақытша жалдамалы пәтерге көшуге қаржылай көмек беру қарастырылуда.
Айта кетейік, аталмыш отбасы тұратын жалдамалы үй өртке оранған болатын. Азаматша Табурова жұмыссыз, ал жолдасы мезгілдік жұмыстар атқарады. Ендігі жағдайда тілсіз жаудан зардап шеккен үй мен заттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз қызметі орталығы