90-жылдардағы композиция
Үстіміздегі жылдың 26 қазан күні Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова бастаған этномәдени бірлестік өкілдері ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, доцент Мұратжон Рахымжановтың «90-жылдардағы композиция» (compozisio) деп аталатын көркем тақырыптық суреттерінің жеке көрмесін тамашалады.
Шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы көркемсурет галереясында өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Экспозицияда барлығы 34 жұмыс бар, олардың 24-і заттай және он-ы біздің еліміздегі және шетелдегі мұражайлар мен жеке коллекциялардағы оның суреттерінің фотосуреттері түрінде қойылған. Суретші Мұратжон Рахымжановтың айтуынша, барлық шығармалар Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы кезеңінде әзірленіп, жазылған. Өзгерістер үдерісі, мәдени мұраны қалпына келтіру-осының барлығы туған өлкенің тарихына арналған сюжеттік-тақырыптық композициялар жасауға шабыт берді. Суретші көрермендерге өзінің әрбір жұмысы, оның ішінде біздің тарихымыз бен өміріміздің бөлшектері туралы қызықты етіп әңгімелеп берді.
Қатысушылардың назарын “Арқандағы би”, “Ұзын аяқпен би”, “Сүннет-тойға сыйлық” сияқты суреттер енген өзбек халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға арналған бірқатар шығармалар қызықтырды. Қолжазбалардың барлығы да тамашалаған адамның жан-дүниесіне қайталанбас ұлттық нақышты жеткізді. Бұған қоса, өткен тарихымыздан сыр шертетін тақырыптар «Төле бидің екі адамның арасындағы дауды шешуі», «Абылай ханның кездесуі», «Бата», «Жауап алушылар серіктері», «Мазасыз отбасы», «Алаңдаулы жылқылар» және «Керуен сарайының қақпасы», «Дулати ат үстінде», «Балуан Қажымұқан» шығармаларының фотосуреттерінен көрініс тапты. Қаламыздың тарихына айналған – “Тараз батырларына арнау”, “Айша Бибіге зиярат ету”, “М.Х. Дулати ескерткішінің ашылу күні” еңбектерінде ерекше көрініс тапқан.
Философиялық тақырыптағы бірегей суреттер «мәңгілік», «өлмес тарих» туралы ойлануға мәжбүр етеді. Мысалға композиция ретінде Мұратжон Рахымжановтың әр түрлі жастағы бір адамды көруге мүмкіндік беретін “Үш ұрпақтың автопортреті” аллегориясын алып қарауға болады.
– Мен суретші Мұратжон Рахымжановтың шығармашылығымен бұрыннан таныс едім, – дейді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, –бірақ бүгін мен оның картиналарын жаңа қырынан тани түстім. Оның еңбектерінен қаламыздың тарихын байқауға болады. Көне Тараздың суреттерін көру маған қызықты болды, ескі қаламыздың өткенінің атмосферасына еніп кеткендей күй кештім. Маған суретшінің өзіміздің өзбек ұлттық дәстүрлерімен байланысты бірқатар жұмыстары өте ұнады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім»КММ Баспасөз орталығы