Ағымдағы жылдың қазан айында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Жамбыл облыстық этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екпе алудың маңыздылығы айтылды.

Іс-шараның мақсаты – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ержан Халиұлы өз сөзінде: «Жер бетін жайлаған індетті жеңудің ең тиімді жолы – вакцинация алу. Жаппай екпе алу арқылы біз COVID-19 пандемиясына қарсы тұра аламыз. Вакцина алу адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізеді», – деді ол.

Оның айтуынша, екпе алған адам да ауруы мүмкін, бірақ жеңіл қалыпта өтеді. Ресми өкілдің сөзін құп алған этномәдени бірлестік басшылары жиылған жұртты екпе алуға шақырды.

Жиын соңында ресми өкіл мен тыңдаушылар арасында кері байланыс орнап, жиналғандар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына тиісті жауаптарын алды.

 

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

#ЕкпеАл