Тараздың он екі жұлдызы
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қала тұрғындары мен қонақтарын жан-жақты, мазмұнды және әсерлі іс-шаралармен қуантып келеді. Бүгінгі болып өткен үлкен айтулы іс-шара, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ассамблея аруы-2016» байқауы да көптің көңілінен шықты.
Байқаудың ұйымдастырушылары: ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім» КММ байқаудың әрбір сәтіне, сахнаның көркемделуіне, әділ қазылар алқасының құрамына аса зор жауапкершілікпен қарады. Ережеге сәйкес байқауға қатысуға облысымыздың этномәдени бірлестіктерінен әртүрлі мамандық иесі, отбасын құрған 20 және 55 жас аралығындағы 12 өкіл өтініш білдірді. Бас демеуші «Бейсенбекова А.Ж.» баспасханасы қатысушылардың суреттері бейнелеген көркем буклеттерді дайындады.
Тараз қалалық мәдениет үйінде өтіп жатқан сұлулық пен таланттардың шоғырланған мерекесіне көптеген көрермен жиналды, олардың ішінде жанкүйерлер мен байқауға қатысушылардың отбасы мүшелері де бар. Сахнада байқаудың эмблемасы бейнеленген үлкен панноға жарық түсіріліп, салтанатты фанфарлардың үніне, көрермендердің ду қол шапалақтауына іле сахнаға шыққан байқаудың жүргізушілері қобалжығандарын көрсеткісі келмей, әдемі ұлттық киімдерді киген қатысушыларды төрге шақырды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева жиналғандар мен байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың бас демеушісі, «Батэль Қазақстан» компаниясының директоры Андрей Ли: «Біз «Мисс Батэль» байқауын еліміздің түкпір түкпірінде өткізіп келеміз. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында бұл – бірінші рет өткізіліп жатқан байқау. Бұл облысымыздың ассамблеясы мен аналар кеңесінің қаншалықты жан-жақты жұмыс атқарып жатқандығын көрсетеді. Сондықтан да осындай байқауға бас демеуші болуға біз қуана-қуана келісе кеттік».
Бірінші «Өзін өзі таныстыру» турында байқауға қатысушыларымыз прозада немесе өзі жазған өлең түрінде өзі, мамандығы, отбасы мен этносы туралы айтып қана қоймай, киген ұлттық киімін де сипаттап берді. Ендігі кезекте байқаудың жүргізушілері «Мен – эрудитпін!» атты турды жүргізу үшін сұрақтар жазылған конверттерді алып шықты. Жиналған көрермен қатысушылардың ҚХА тарихы туралы жауаптарын бар ықыласпен тыңдады, ал «егер сен көрінбейтін адам болып кетсең не істер едің?» деген қалжың сұрақтарға қатысушылардың әзіл-оспақпен жауап бергендеріне күліп отырды. «Мен – талантпын!» атты үшінші тур көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірі өлең оқыса, екіншісі биледі, немесе ән айтты.
Өз ісінің майталмандары – бас демеуші басқарып отырған тәуелсіз әділ-қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарды. Әділ қойылған бағаларға ешкімнің де дауы болмады. Марапаттау рәсімі «Батэль Қазақстан» компаниясының директоры, бас демеуші Андрей Ли мен облыс ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Сара Даузоваға жүктелді. Байқауға қатысушы Любовь Клименко (украин ЭМБ), Розахон Казыкенова (тәжік ЭМБ), Хамида Турдыева (М. Қашқари атындағы ұйғұр ЭМБ), Эмина Мамедова («Азери» әзербайжан ЭМБ ), Сабина Магомадова («Архыз» қарашай-балқар ЭМБ), Надежда Волкова («Радонеж» орыс ЭМБ), Виктория Майковичтарға («Полонез» поляк ЭМБ) дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Үшінші орынды «Вице –ҚХА аруы – 2016» қытай этномәдени бірлестігінің төрайымы Галина Воробьева, екінші орынды «Вице – ҚХА аруы-2016» неміс қоғамдастығының өкіл Дарья Барсукова, бірінші орынды «Вице – ҚХА аруы -2016» «Әулие ата» қазақ этномәдени бірлестігінің өкілі Азиза Жүсіпова иеленді. Ал диадема мен жеңімпаздың гран – приіне облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Лобара Аширова ие болды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз – қызметі.