Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, – дейді дана халқымыз. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық – ізгіліктің, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Осындай ізгі ниетпен облыстық «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі облысымыздағы әлеуеті төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға көмек көрсетті.
Атап айтсақ, Шу ауданындағы 45 отбасыға көмек көрсетілсе, Меркі ауданының 50-ден аса отбасына және Қордайдағы 25 отбасыға азық-түлік себеттері жеткізілді.
Сондай-ақ, Байзақтағы 40-60, ал Жамбыл ауданындағы 25 отбасыға, облыс орталығы Тараз қаласында тұратын 50 жанұяға барлығы – 700 000 теңге көлеміндегі күнделікті қажет ететін ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, күнбағыс майы т.б. салынған себеттер таратылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің
ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы