Бірінші аймақтық семинар

2

Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында «Менің Елім-Мәңгілік Ел» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Оған облысымыздың ірі үш ауданы Шу, Қордай, Мойынқұмнан қоғамдық келісім кеңестері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Семинар жұмысын кіріспе сөзбен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашты. Мекеменің бас сарапшысы Лариса Лысова өз сөзінде «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясын жүзеге асыру барысында аудандық, ауылдық округтердегі қоғамдық келісім кеңестерінің өзекті мәселелерін жаңғырту туралы тақырыпта кеңінен ашып берді. Аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-тәжірибелік тобы төрағасының орынбасары, ТарМУ-дің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова «Аймақтарда этносаралық ахуалды тұрақтандыруда қоғамдық келісім кеңестерінің атқаратын рөлі» тақырыбында жиналғандар алдында баяндама жасады. Сонымен қатар ТарМУ-дің оқытушысы, құқық магистрі Асқар Қадырқұлов та семинар-тәжірибеге қатысушыларға жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы құқықтық құзыреттілік туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Л.Лысованың айтуынша аталған ғылыми-тәжірибелік семинар бірнеше мақсаттарды көздеп, оған қол жеткізді. «Біз «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы аясында призма арқылы қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстарын бағалап көрсек деп едік, – деп атап өтті бас сарапшы. Бірлесе отырып патриоттық акцияның жеті құндылықтарын белгілеп, бірыңғай болашақ ұлтын және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен нығайтуда қоғамдық келісім кеңестерінің атқарар шаруалары туралы да айтып өтті. Семинарға қатысушылар құқықтық, мәдени және медиативті құзыреттіліктерін арттырды десек қателеспейміз. Онда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім модельдерінің трансформациясы мен даму  төзімділігін «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы іргетасы негізінде қалау туралы сөз болды. Осы орайда біз ҚХА құрылымдарын ауылдар мен поселкелерді үйлестіру туралы мақсатымызға жеттік деп айтуға болады».

Ғылыми-тәжірибелік жұмыстың нәтижесіне ұйымдастырушылар мен қатысушылар да оң баға берді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында осындай аймақтық үш семинар өтеді деп жоспарлануда.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі