Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Достық үйінде «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында «Вольф Ирина. Халықтық мерекелер» атты көрме өтті.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Достық үйінде «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында «Вольф Ирина. Халықтық мерекелер» атты көрме өтті.
Көрменің мақсаты – Қазақстан этникалық топтарының мәдениетін халық арасында таныстыру және танымал ету, қазіргі әлемде қазақстандық мәдениетті насихаттау; отансүйгіштік пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында біздің алдымызға қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жаңа ауқымды міндеттер қойып отыр. Оның негізгі шарттарының бірі – мемлекеттің ұлттық стратегиясының бөлігі ретінде өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау, оның іргелі негізін патриотизм құрайды.
Ирина ВольФ жеке көрмесі ҚХА «Алауан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» мәдени-ағартушылық жобасына жоспарланған 10 көрменің үшіншісі.
Жоба әдеби, көркем, мәдени аспектілер арқылы қазақстандық алуан түрлілі этностарды рухани-мәдени танымал етуге бағытталған. Сонымен қатар, қазақ халқының заманауи суретшілері мен Жамбыл облысының этникалық топтарының көркем шығармашылығын зерттеу арқылы қазақ халқының және түрлі этностардың дәстүрлі мәдениетін тануды көздейді.
Ирина Вольф 1971 жылы 28 қарашада дүниеге келген. Ол, Абай атындағы Жамбыл облыстық гумманитарлық колледжінде және «Әулие-Ата» университетінің көркем өнер бөлімін тәмамдаған.
Ирина Валерьевна бүкіл өмірінің өнермен байланысты болғанына қарамастан, ол өз жұмысымен жақында ғана айналыса бастады. Бұл суретшінің алғашқы дебюттік көрмесі деп айта аламыз.
Ол тоқуды жақсы көреді, графикалық техникада, қарындаштар, фломастерлер, шарикті қаламдар арқылы сурет салуды ұнатады. Қазіргі уақытта №40 мектеп-гимназиясында сурет мұғалімі болып жұмыс істейді.
Көрмеге суретшінің 26 туындысы қойылған. Ирина Валериевна – кең ауқымды суретші, графикалық жұмыстарды да, сәндік-қолданбалы өнерді де тамаша жасайды. Сондай-ақ, оны суық батик пен көп қабатты киізден жасалған картиналар техникасымен және талғампаз графикамен жұміс істеу қызықтырады. Көрменің тақырыбы – «Халықтық мерекелер». Көрмеге батик техникасында жасалған панно, көп қабатты киіз және графикалық парақтар қойылды.
Көрмеге суретші «Неміс халық ертегілері», «Халық музыкасы» және «Халықтық мерекелер» атты үш үлкен сериясын ұсынды. Туындылар өте талғампаздық таңдалған түстермен, кейіпкерлердің жарқын және алуан – түсті болмыстарымен сондай-ақ, әдемі әзілді картиналармен ерекшеленді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.