Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айында  Тараз қаласының «Көне-Тараз» тарихи-мәдени  кешенінде   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – өңірлік ассамблея мен Жамбыл облысы  әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады. Мұны Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айрықша атап айтқан болатын. Осыған орай, дәстүрімізді дәріптеп, жақсымызды жарқыратып ұстауды, ұлыларды ұлықтауды – тәуелсіздік туын тіккелі бері мемлекеттік саясатымыздың бір арнасына айналдыра алдық.

Осы негізде ұйымдастырылған іс-шараға қала қонақтары мен тұрғындарына патриоттық жанрда  концерттік бағдарлама көрсетілді.  Іс-шара «Үкілім-ай»   би ансамблі, «Асыл ана» вокалдық ансамблі», «Infinity» би ансамблі  және Тухтамышев Мырзобобур, Қосақбаева Ақбота, Осман Делихасаноглы, Шерзод Аширов сияқты этномәдени бірлестік өкілдерінің  шығармашылық топтарының қатысуымен  өтті.  Концерт қала тұрғындарының көңілінен шықты.

#Тәуелсіздіктің30жылдығы

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ Баспасөз қызметі орталығы