«Қайырымдылық керуені» жолда
«Қайырымдылық керуені» жолда
Қазақстан халқы ассамблеясы 2025 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында қайырымдылық бағытында жұмыстарды дамытудың жаңа бағыттары көрсетілген, республикада барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру орталығы міндеттерін Қазақстан халқы ассамблеясы атқарды.Осы жұмыс өткен жылғы «ҚХА-20 ізгі іс» эстафетасымен басталды, оның аясында Жамбыл облысында 2860 адамға 1.34 миллиард теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді.Бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі.Осы жылы «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциясы көмек қажет ететін адамдарға қаражат жинауда күш ала бастады.
Аймақта қоғамдық ұйымдарда қайырымдылық қызметті үйлестірудің жолдары мен міндеттері жайлы мәселе «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық «Қызыл ай» қоғамы, этномәдени бірлестік өкілдері, «Ақ желкен» жастар лигасының қатысуымен облыс ҚХА жанындағы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралып талқыланды.Отырыста облыс ҚХА хатшылығының бас инспекторы З.Сембина, аналар кеңесінің төрағасы М. Миражапова, аймақтық «Қызыл ай» қоғамының төрағасы О.Тастемірова, «Ақ желкен» жастар лигасының көшбасшысы З.Махусеев шығып сөйлеп, кең көлемді және мақсатты акцияларды өткізуде бір-бірлерімен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға шақырды.Шараға қатысушылар барлық қоғамдық ұйымдарды, Жамбыл облысының қайырымды азаматтары мен жебеушілерін аса мұқтаж қайырымдылық қажет ететін адамдар мен отбасыларына нақты көмек көрсету үшін бірігуге шақыру мақсатында үндеу қабылдады.
Жамбыл облысы әкімі аппартының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі