«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы Байзақ ауданында жалғасын тапты
Ағымдағы жылдың наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы және Қоғамдык келісім КММ ұйымдастыруымен Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай бастау алған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы Байзақ ауданында жалғасын тапты.
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңын өткізудегі мақсат – Жамбыл облысы аумағындағы этностардың арасында қазақ тілін меңгергендердің санын арттыру, жастардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, елдегі тіл саясатын нығайтуға және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.
Байзақ ауданында өткен іс-шараға мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері, жастар, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
«Гүлсім» балабақшасының меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Гүлсім Алиева және орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Евгений Кравчук «Менің қазақ тіліне жету жолым», «Қазақ тілін қалай үйрендім?», «Мемлекеттік тіл – әлеуметтік баспалдақ» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында өнер мектебінде концерттік бағдарлама және түрлі ұлт өкілдерінің мәдени көрмесі ұйымдастырылды.
Байзақ ауданының жастары өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» эстафетасын Жамбыл облысының Жамбыл ауданына жолдады.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы