Сонымен 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауы соңғы 16 жылда бірінші рет мерзімінен бұрын емес, ағымдағы шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын, конституциялық мерзімінде өтеді.
Тұңғыш рет әйелдер мен жастарға 30 проценттік квота енгізілді. Мысалы, қазір еліміз бойынша 3 мыңнан астам мәслихат депутатының 60-ы ғана жастар. Үшіншіден, 10 қаңтарда мәслихаттарға да сайлау өтеді және олар алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталады. «Бұл партиялардың өз позицияларын елдің саяси жүйесінде нығайтуға қосымша мүмкіндік береді», деді мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.
Менің ойымша болашақ депутаттардың орташа жасы айтарлықтай жасарады деп есептеймін, экономикалық дағдарыс пен пандемия кезінде конструктивті жұмыс істейтін Парламент керек, демократия маңызды құрал, алайда елдің тұтастығы одан да құнды, одан да маңызды деген сенімдемін.
Жамбыл ауданы «Қоғамдық келісім» КММ
кеңесінің хатшысы Асан Әділет Айтбекұлы