Дембаева Гүлмира Маханбетқызы
Үстіміздегі жылдың 5-жұлдызында Тараз қаласындағы Достық үйінде белгілі журналист Дембаева Гүлмира Маханбетқызы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы алғыс хатын алып, «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Журналисттің марапатын Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы тапсырды.
Қазақстан журналистер одағының мүшесі Гүлмира Маханбетқызы 43 жыл еңбек өтілінің 23 жылын Жуалы ауданындағы «Жаңа өмір, «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде өткерген. Қарапайым тілшіліктен басталған журналистік баспалдағы бөлім меңгерушісі қызметіне дейін жеткізген. Қазір зейнеткер журналист. Этножурналистика саласында кеңінен қалам тербеген журналист қазірдің өзінде зейнетке шыққанына қарамастан республикалық және облыстық газеттерге түрлі тақырыптағы мақалаларын жариялап жүр.
Тынымсыз тірлікте тілшілік мамандықты жанына серік етіп, бүгінгі күнде еңбегі еленіп, зор қуанышқа кенелген журналистке облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы шығармашылық табыс пен зор жетістіктер тілейді.
Бибігүл Шахзада
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі орталығы